Путин көптен күткен демалысқа шықты (видео)

3858
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/09/bdf755f0fce34ee89903e089b4907f15.thumbnail_660.jpg

Кремльдің баспасөз қызметі Ресей президенті Владимир Путиннің карантиндік демалысынан бейне жазба жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Приморье мен Амур облыстарын аралағаннан кейін Ресей президенті бірнеше күнге қысқа демалыс жариялап,  демалысын Саян-Шушенск қорығында өткізіп жатыр. Нақты қай аумағында екені айтылмады.
Ресей президенті қайықпен серуендеп, балық аулады. Түнде теңіз деңгейінен екі мың метр биіктікте орналасқан шатырда түнеген. https://youtu.be/0We9y6I4E5c
Естеріңізге сала кетсек, Владимир Путин қыркүйектің басында оқшаулануға кеткен болатын. Әзірге карантиндік үзіліс қанша уақытқа созылары белгісіз.

"Адырна" ұлттық порталы

 
Комментарии