Тәлібтер: Тәжікстан ішкі ісімізге араласуда, оларға қарсы жауап береміз

5521
Adyrna.kz Telegram

"Талибан" қозғалысының беделді мүшесі Абдул Ғани Барадар Тәжікстанның әрекетіне наразылық танытты.  

Барадар Тәжікстанның Ауғанстан ішкі саясатына араласуына қарсылық білдіріп, "Әр әрекетке қарымта жауап болады" деп сес көрсетті.  31 тамызда Ауғанстаннан Батыс коалициясы өз әскерін шығарды. Солайша Ауғанстандағы 20 жылға созылған НАТО операциясы аяқталды.

Ауғанстан билігіне тәлібтер келген соң, елде жаңа билікке қарсы күштер пайда болды. Олардың басым бөлігін тәжік ұлтының өкілдері құрайды. Себебі "Талибан" үкіметті жасақтауда миллиондаған тәжік, хазар, өзбек ұлттарының мүдделерін мүлде ескермеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер