Математикада 160 жыл бойы шешілмеген есеп шешілді

3842
Adyrna.kz Telegram

Ұлы Британияның атақты математигі, 90 жастағы зеинеткер профессор Michael Atiyah әйгілі Риман гипетозасын (Rieman hypothesis) шешкенін жариялады. Бұл есепті әлемдік көптеген математикер шешуге тырысқанымен 160 жылдан бері ешкім дұрыс жауабын таба алмаған.
Бұл есеп сандар теориясына қатысты болып Клей институтының ең қиын 7 есебінің бірі болып табылады. Яғни осы 7 есептің біреуін шешкен адамға 1 миллион доллар сыйақы беріледі.
Қазірге дейін бұл 7 есептің біреуі ғана шешімін тапқан атақты Григорий Перельман деген еврейден басқа бұл есептерді шешкен адам жоқ.
Ал мына зейнеткер профессор Michael Atiyah да атақты математик. Жастау кезінде математика саласының ең жоғары сыйлығы Филдс сыйлығы мен Абел сыйлығын алған.
Ал мына есебінің дұрыстығы дәлелденсе математика саласындағы ұлы бұрылыс болады дейді.

Естеріңізде болса біздің атақты математик Мұхтарбай Өтелбаев да осы 7 есептің біруін шешкен еді, алайда жауабы дәлелденбеді. Дегенмен Невир Стокс теңдеуін шешіміне жақындаған деп тарихта аты қалды. Енді болашақта ол есебін дұрыстап қайта шешіп жауабын тапса, аты әлем тарихында аңыз болып айтылары хақ.

Сонымен Клей математика институты ұсынған сыйлықты қазірге дейін ешкім әлі алған жоқ.

Жексен Тоқтарбайдың 

фейсбук парақшасынан

Пікірлер