Мәйітханаларда бос орын жоқ: Ресей халқы қырылып жатыр

4792
Adyrna.kz Telegram

Өткен тәулікте Ресейде 822 адам коронавирустық инфекциядан қайтыс болды деп хабарлайды вирусты бақылау бойынша жедел штаб. Ресейде соңғы бес тәулікте вирустан күн сайын көз жұматындар саны ресми дерек бойынша 800 адамнан түіспей тұр. Тәуелсіз тілшілердің айтуынша мәйітханаларда бос орын жоқ, ал билік жағдай бақылауда дейді. 

Вирус жұқтыру бойынша алда Мәскеу және Санкт-Петербург қалалары тұр. Ресейде коронавирус жұғу фактілері соңғы аптада өсті. Жалпы пандемия басталғалы бері Ресей Федерациясында 7,3 миллионнан астам адамда COVID-19 анықталып, оның 6,5 миллионы сауығып кеткен. 1 255 680 науқас дәрігерлердің бақылауында қалып отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер