Босфор бұғазында ресейлік және түркиялық кемелер соқтығысты

2343
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің «Rusich 10» және Түркияның Tashin Imamoglu жүк таситын кемелері  Босфор бұғазында соқтығысып қалды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Анадолы" агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның жағалау күзетінің мәліметінше, апат салдарынан ешкім зардап шекпеген, тек кемелерге ғана зақым келген. Оқиға орнына жағалау күзетінің 3 қайығы мен 14 буксирі жіберілген.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер