Алматыда "Барахолка" маңындағы жеке үйден өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "ҚазАқпарат-қа" сілтеме жасап.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт Алатау ауданында орналасқан «Шапағат» ықшамауданындағы жеке тұрғын үйден шыққан. Оның шатыры жанып жатыр.
"Сағат 09:35 -те өрт оқшауланды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр",-деп хабарлады қалалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, осыдан бірнеше күн бұрын «Барахолкада» бірнеше контейнер өртенді.
"Адырна" ұлттық порталы