Қуат Хамитов ресейлік қарсыласынан жеңіліп қалды

2381
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (23-6-2) Сочиде өткен аралас жекпе-жек бойынша AMC Fight Nights турнирінің басты айқасында өнер көрсетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Sports.kz-ке" сілтеме жасап.

Қуат Хамитов ресейлік боксшы Мариф Пираевпен (29-4-1) айқасты. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілердің бірауыз шешімімен Пираевтың жеңісімен аяқталды – 30-27, 29-28, 30-27. Осылайша, Мираф Пираев өзінің кәсіби мансабындағы он үшінші жеңісіне жетті, бұл – Қуат Хамитовтың ММА-дегі жетінші жеңілісі.

Қазақстандық үшін бұл осы жылғы үшінші айқасы. Бұған дейін Қ.Хамитов қаңтарда ресейлік Максим Пантелеевті (0-1) нокаутқа жіберген, одан кейін маусым айында украиналық Роман Головиновты (10-5) жеңген болатын.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер