Қазақстандықтардың банктер алдындағы қарызы 7 триллионнан асты

896
Халықтың банктерге қарызы 7 триллион теңгеден асты.
Ұлттық банктің 2021 жыл шілде айындағы мәліметі бойынша қазақстандықтар еліміздегі банктерге 7 триллион 96 миллиард 772 миллион теңге қарыз екен (Саясаттанушы М. Шибұтовтың дерегі).
Елімізде 9,23 миллион адам экономикалық тұрғыдан белсенді, жұмыс істейтін адам болып саналады. Ал осы 9,23 миллион адамның бар-жоғы 1,7 миллионында ғана несие жоқ. Қалған 7,5 миллион адам банктер мен шағын қаржы ұйымдарына қарыз. Демек бұдан шығатын қорытынды, еліміздегі әрбір екінші адамның несиесі бар. Қазақстан қарызға өмір сүреді. Індет басталғанға дейін орташа есеппен алғанда, жылына 500 мың адам несие алған көрінеді. Ал пандемия кезінен бері бөліп төлеп, қарызға тауар алатындардың саны күрт өскен.
Халық пен банк... Тұрмыс пен қылмыс. Үйлеспейтін, қарама-қарсы ұғым боп тұр.
(Ақбұлақтағы атқыш оқиғасынан кейінгі керек дерек).
Берік БЕЙСЕНҰЛЫНЫҢ
фейсбук парақшасынан
Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар