Бокстағы “лесби” қыздар: ҚБФ-ның бұл жанжалға жауап берер уақыты жоқ

963

ҚБФ боксшы Аида Сатыбалдинованың әйелдер құрамасындағы дәстүрлі емес жыныстық бағыт туралы айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ҚБФ баспасөз хатшысы Аян Төлеген Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Аида Сатыбалдинова бірнеше күн бойы өз инстаграм парақшасында шулы жазбалар қалдырып жүр.

"Аида Сатыбалдинованың Қазақстан әйелдер құрамасында дәстүрлі емес жыныстық бағыт ұстанған боксшылар бар деген мәлімдемесіне қатысты. Біріншіден, федерацияның басшылығы ауысқаннан бері бұл мәселе бойынша ешкім жүгінген жоқ. Жаттықтырушылар да, спортшылар да.

Екіншіден, биыл қиын жыл: ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты болады. Қазақстан чемпионаттары да бар. Дәл қазір адамдар пікіріне жауап беруге уақыт жоқ. Оның үстіне ол Қазақстан құрамасында не болып жатқанын білмейді. Спортшылар мен жаттықтырушылардан шағым болған жоқ. Ол туралы не айтамыз? Біздің оған жауап беретін уақытымыз жоқ. Әрі қарай жұмыс істей береміз", - деді ҚБФ баспасөз қызметі өкілдері.

ҚБФ баспасөз қызметі бокстан бөлек, басқа спорт түрінде де әйелдер көп екенін айтты.

"Олардың бәрін лесбиянка дейміз бе? Ол туралы жария салмаймыз. Айыптамаймыз. Бірақ бүкіл әлемдегі әйелдер спортын осындай деу миға сыймайды", - деді ҚБФ өкілі.

"Олардың еңбегін Қасым-Жомарт Тоқаев бағалады, енді оларды жамандап жатыр. Қыздарға мұндай пікірлер ұанмайды. Сіздерді жетістікке көбірек назар аударуға шақырамын. Ал мұндай мәлімдемелерге жауап беруге уақыт жоқ", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар