Алматыда ер адам балабақшаға тапаншамен келген

2638
Adyrna.kz Telegram

Алматыда ер адам тапаншамен қорқытып, балабақшаға кірмек болған. Полиция бұл оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желілерде ер адамның полициямен сөйлесіп тұрғанын және оның көлігіне тінту жүргізілгені түсірілген видео пайда болды.

">Видеоавторының айтуынша, ер адам баланы балабақшаға әкелген, бірақ күзетші оны кіргізгісі келмеген. Содан кейін ол тапаншамен қорқыта бастаған. Күзетшілер полиция шақырған.

Полиция департаменті бұл оқиғаны Наурызбай аудандық полиция басқармасы тіркегенін хабарлады. Полиция ер адамның көлігіндегі тапанша газбен екенін және ресми рұқсаты бар екенін анықтады.

Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

”Адырна” ұлттық порталы 

 

Пікірлер