«Атамекен» экспедициясы Маңғыстау облысын аралады

2249
Adyrna.kz Telegram

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті ұйымдастырған «Атамекен» экспедициясы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған аудан аумағында орналасқан Шерқала, Айрақты тауларында, Ақмыш мәдени орнында, археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан Қызылқала жерінде болған экспедиция мүшелері «Көгез» этноауылды тамашалады. «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде болып, зиялы қауым өкілдерімен, өлкетанушы, тарихшы ел ағаларымен кездесті.

Пікірлер