"ЖЕР-2021" халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

2388
Adyrna.kz Telegram

2021 жылғы 21-22 қыркүйек аралығында Алматы облысының Тамғалы Тас шатқалында Қапшағай қаласынан төмен «Жартасты қала-Астана» оқу – жаттығу полигонында «Алматы облысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштер мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

Оқу-жаттығу Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Викторович Ильиннің басшылығымен өтті.

Бұл оқу-жаттығулардың мақсаты бірінші кезекте азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің Алматы облысындағы ықтимал қиратушы жер сілкінісі нәтижесінде туындаған төтенше жағдайды жоюға әзірлік деңгейін және қабілетін арттыру болып табылады. Сондай-ақ ТМД елдерінің аумақтарында ауқымды төтенше жағдайлар туындаған кезде мемлекетаралық өзара іс-қимылды жетілдіру.

Оқу-жаттығуға ҚР ТЖМ ведомстволық бағынысты бөлімшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да министрліктері мен ведомстволары, облыстардың және Республикалық маңызы бар қалалардың азаматтық қорғау қызметтері, халықаралық ынтымақтастық аясында Қырғызстан мен Өзбекстан ТЖМ авариялық-құтқару қызметтері қатысты.

Пікірлер