Оралда қатігез ана жаңа туған сәбиін сатып жіберген

455

Оралда 28 жастағы келіншек жаңа туған сәбиін сатып жіберді деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті растап отыр. Ведомство мәліметінше, жаңа босанған келіншек Бөрлі ауданында тұратын ерлі-зайыпты тұрғындармен келісіп, сәбиін беріп жіберген.

Тәртіп сақшыларының табанды жұмысының нәтижесінде келіншек қолға түсіп, қазіргі уақытты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 135-бабы 1-бөлігіне (кәмелетке толмағандарды сату) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Одан бөлек, Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті 19-24 қыркүйек аралығында жүргізіліп жатқан "Стоп-трафик" жедел іздестіру іс-шаралары барысында өңірде 4 қылмыстық құқықбұзушылық ашылып, 10 адам әкімшілік жауапқа тартылғанын жеткізді.

“Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар