Президент Маңғыстау облысына келді

596

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбук парақшасында жазды.

Бүгін Мемлекет басшысы Ақтау қаласында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жиын өткізіп, жаңа спорт кешеніне барады. Сондай-ақ қаланың туристік аймағындағы бірқатар инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысады.

Ал ертең Қасым-Жомарт Тоқаев «Отпантау-2021» командалық-штабтық оқу-жаттығуын бақылайды.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер
Редакция таңдауы