Нұр-Сұлтанда кәмелетке толмаған қыз педофилдің құрбаны бола жаздады

3339
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтанда мас ер адам кәмелетке толмаған қызға тиіспек болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Елордалық полиция бөлімінде көрсетілгендей, 21 қыркүйекте сағат 19:21 -де «102» басқару пультіне белгісіз ер адам Рысқұлбеков көшесінде бір қызға тиіспек болды, деген хабарлама келді.

Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жетті. Кешқұрым уақытта мас ер адам мектептен қайтып келе жатқан кәмелетке толмаған қызға жақындағаны анықталды.
Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі

Департамент бұл факті бойынша 25 жастағы күдіктінің ұсталғанын атап өтті.

Медициналық тексерудің қорытындысы бойынша, ол орташа деңгейдегі алкогольдік мас күйінде болған. Ішкі істер департаментінде есепте жоқ, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, деді Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер