Instagram-да таныстық: Жамбыл облысында 35 жастағы ер адам 12 жасар оқушыны зорлады

4807
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысында 12 жасар қызды зорлау туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақпаратта Жамбыл облысында 12 жасар қызды зорлауды 35 жастағы ер адам жасағандығы айтылған. Оқиға Меркі ауданында болған. Хабарламада күдікті Instagram әлеуметтік желісіндегі оқушымен кездескені айтылған.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Меркі аудандық полиция бөліміне Жамбыл облыстық балалар ауруханасына Меркі ауылының кәмелетке толмаған тұрғыны жүгінгені туралы хабарлама келіп түсті.

Сотқа дейінгі тергеу аясында бірқатар тергеу әрекеттері мен сараптамалар жүргізілді. Аталған факті бойынша Меркі аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп - тексеру деректері жария етуге жатпайды, - делінген ведомствада.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер