Рүстем АШЕТАЕВ: Заңды өзгертпей, жағдайды өзгерту мүмкін емес

4317
Adyrna.kz Telegram
БҰЛ ҮЛКЕН СИГНАЛ!
Алматы қаласында соттың шешімімен үйінен шығарылмақ болған үй егесі мен заң қызметкерлері арасындағы мәселе ушығып, соңы атысқа ұласып, сот орындаушысы мен заң қызметкерлерінен 5 адам қайтыс болған.
Ия! Адам өлтіру сөзсіз қылмыс.
Бұл қылмысқа кінәлі адам заң алдында өз жазасын алары хақ.
Бірақ, мәселе осымен шешіле салмасы да анық. Өйткені, заңның барлығы банктер мен кредиттік мекемелер жағында. Кепілге қойыпн, қаржы алып, уақытында қайтара алмадың ба, онда сенен мүлкіңді соттың шешімімен тартып алуға толық құқылы. Ешкім саған көмектесе алмайды. Бұл жерде де дәл сондай жағдай. Қиындыққа тап болған адам өз мүлікінен айырылғысы келмей, "соңғы қадамға" барды. Ақтап алуға келмейтін қылмысқа барды. Заң қызметкерлерінің кінәсі жоқ. Олар өз міндетін атқаруы керек болған. Өз қызметін атқару үстінде қаза болды.
Бұл жерден шығатын бір-ақ жол көріп тұрмын. Ол - заңға өзгеріс енгізу!
Яғни, ешкім тұрғылықты үйін ешқандай банктер мен қаржы орталықтарына кепілге қоя алмайтын етіп заңмен бекітіп қою керек!
Қарызы үшін көлігін алсын, артық жері болса алсын, бизнесін алсын!
Бірақ, басындағы жалғыз баспанасынан айыруға,(айырылуына) заң жолымен ешқандай мүмкіндік қалдырмауымыз керек!
Тек сол кезде ғана болашақта халықты осындай жайттардың болуы мен соңғы баспанасынан айрылуынан қорғай аламыз.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер