Қазақ ақыны, жазушы Рафаэль Ниязбек қайтыс болды

2604
Adyrna.kz Telegram

Белгілі қазақ ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Ниязбек қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның қайтыс болғаны туралы ақпарат Рафаэль ұзақ жылдар мүше болған Қазақстан Жазушылар одағында расталды.

Рафаэль Ниязбек 1978 жылы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін тамамдаған. 1967 жылы Қазақ радиосы әдебиет редакциясында қызметке орналасқан. 1971 — 1977 жж. «Жұлдыз» журналында, 1977—1991 жж. «Жазушы» баспасында редактор болып істеген. 1972 жылы сыншылардың Бүкілодақтық кеңесіне қатысқан. Қазақстан Жазушылар одағының I. Жансүгіров атындағы сыйлығының иегері. Чечен Республикасы Жоғарғы Мемлекеттік «Ұлт намысы» орденінің иегері.

Чеченстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Б. Момышұлының 90 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері. Тараз қаласының 2000 жылдығына арналған республикалық ақындар мүкі әйрасының бірінші жүлдегері болған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер