Ресейдің Пермь мемлекеттік университетінде белгісіз біреу травматикалық қарудан оқ атқан деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Рен.тв-ге" сілтеме жасап.
Қылмыскер оқу орнына оқ атқан кезде университет ғимаратында 3 мыңға жуық студент болған. Студенттер мен оқытушылар оқтың даусынан қорқып, жасырынса, бірқатары терезеден сыртқа қашқан. Атыс кезінде оқу орнында 8 адам көз жұмған, 19 адам жарақаттанған. Әлі де жарақат алғандар анықталуда.
Ресейдің Ішкі істер министрлігі қылмыскердің ұсталғандығын мәлімдеді. Ол құқық қорғау қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен және жараланған.
Қазір оқу орнында тексеріс жұмыстары жүргізілуде. Мұнда дәрігерлер де жұмылдырылған.
"Адырна" ұлттық порталы