Тапшылық: Өзбекстан көлік шығаруды тоқтатты

3388
Adyrna.kz Telegram

2021 жылдың тамызында Өзбекстанда Lassetti және Spark модельдерінің өндірісі тоқтатылды. Оған UzAuto Motors деп аталатын компания жұмысының жаңғыруы себеп болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазіргі уақытта зауыт басқа автомобильдерді шығаруға дайындалып жатыр. Өндірушілер бірыңғай платформа негізінде автомобиль өндірісіне көшуді жоспарлап отыр. Бірінші кезеңде бұл модельдер Chevrolet Tracker және Chevrolet Onix автомобильдері болады.

Айта кетейік, модернизация процесі жартылай өткізгіштердің жетіспеушілігі аясында жүрді. Бұл компоненттер көлік құралдарын жасауға аса қажет. Осыған байланысты Chevrolet Lassetti және Chevrolet Spark модельдерін шығару тоқтатылды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер