Пеле жансақтау бөлімінде жатыр

2452
Adyrna.kz Telegram
Футболдан әлемнің үш дүркін чемпионы, әйгілі спортшы Пеле тағы да жансақтау бөліміне түсіп қалды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қазір ол Бразилиядағы Сан-Паулу қаласындағы ауруханада жатыр. Дәрігерлер аты аңызға спортшы рефлюкспен ауырып жатқанын айтады.
Мамандар 80 жастағы спортшының қазіргі жағдайы бірқалыпты екенін, бірақ сақтық үшін жансақтау бөлімінде бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.

Айта кету керек, бұған дейін Пелеге қарнында пайда болған ісікті алдыру үшін ота жасатқан еді.

 "Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер