Алматыда Volkswagen көлігінің күлі көкке ұшты

553

Алматыдағы Рысқұлов даңғылында көлік өртенді, деп хабарлайды "Адырна" порталы zakon.kz-ке сілтеп. 

Volkswagen көлігі шығыс бағытта Рысқұлов даңғылымен келе жатқан. Жүргізушінің айтуынша, кенеттен көліктің капотының астынан қою түтін көтеріле бастаған. Жүргізуші жолдың шетіне шығып, көлікті жүк көлігінің жанына тоқтатты.

Осы кезде Volkswagen лап етті. Куәгерлердің көмегіне қарамастан көлікті өрттен құтқару мүмкін болмады. Машина ашық жалынмен жанып бастады, содан кейін өрт жақын жерде тұрған жүк көлігіне қарай жылжи бастады.

Фольксваген бірнеше минут ішінде күлі көкке ұшты. Көліктің сау тамтығы қалмаған. Бірақ өрт сөндірушілер жүк көлігін сөндіріп үлгерді.

Алдын ала болжам бойынша көліктің қысқа тұйықталуы мен өздігінен жануы орын алған. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс жасауда.

Зардап шеккендер жоқ.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар