Белгілі журналист коронавирустан қайтыс болды

3526
Adyrna.kz Telegram

17 қыркүйек күні Қазақстандағы санаулы тәуелсіз басылымдардың бірі "DАТ" газеттер жобасының шығарушы редакторы, журналист Бақытгүл Мәкімбай 59 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Анықталғандай аяулы апамыз тәжвирусынан қайтыс болған.

Журналист Бақытгүл Мәкімбай Қазақстан журналистер одағы сыйлығының және осы одақтың "Алтын медалінің" иегері. Қазақстан патриоттарының "Алмас қылыш" сыйлығының лауреаты. Оған Сорос қорының журналистика саласындағы "Батылдығы мен табандылығы үшін" сыйлығы да берілген.

“Адырна” ұлттық порталының ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер