ДДҰ Sputnik V вакцинасына тыйым салды

10428
Adyrna.kz Telegram

ДДҰ Sputnik V вакцинасына рұқсат беру процесін тоқтатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ресейлік вакцинаны шығаратын зауыттардың бірінде заң бұзушылық орын алды. ДДҰ жаңа тексеру жүргізуге уәде берді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ресейлік Sputnik V коронавирусқа қарсы вакцинаны мақұлдау процесін тоқтатты, деп хабарлады Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымы (PAHO) басшысының орынбасары Жарбас Барбоза.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустық вакциналар төтенше жағдайда қолдануға рұқсат беретін процедураның бір бөлігі ретінде, өндіруші вакцинаны шығаратын компаниялардың қажетті стандарттарға сәйкес келетінін дәлелдеуі тиіс",- деп түсіндірді Барбоза.

«Sputnik V вакцинасын төтенше жағдайда қолдануға рұқсат беру процесі тоқтатылды, себебі вакцина жасалған зауыттардың бірін тексеру кезінде зауыт өндірістік тәжірибені сақтамайтыны анықталды», - деді ол. 

ДДҰ бұл келіспеушіліктердің жойылуын күтеді

Жарбас Барбозаның айтуынша, ДДҰ қазіргі уақытта зауыт "бұл келеңсіздікті тоқтатты" деген хабарламаны күтуде. Кейін міндетті түрде жаңа тексеру жүргізілетінін де баса айтты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының комиссиясы маусым айында Уфада Sputnik V - Pharmstandard -UfaVITA шығаратын ресейлік кәсіпорындардың бірінен заң бұзушылықты анықтады. Вакцинаның құтыларға құйылу барысын қатаң тексеруде.

Қазіргі уақытта ДДҰ американдық Moderna және Pfizer (екіншісі - неміс BioNTech), еуропалық Jannsen және AstraZeneca, қытайлық Sinopharm, Sinovac, сондай -ақ үнді Serum Institute of India вакциналарын шұғыл түрде қолдануға рұқсат берді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер