Ұят қайда: Ішімдікке сылқия тойған оқушы қыз ұсталды

5387

Ішімдік ішіп, мас күйде көзге түскен мектеп оқушысы өз түсініктемесінде " сабақтан соң ішім пысты" деген. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды. 

"Кешкі сағат 23:00-ден кейін ювеаналды полиция қызметкерлері үй ауласының бірінен ащы суға тойып алған 16 жастағы қызды ұстады. Сабақтан кейін іші пысқан оқушы не істерін білмей, досының үйіне барған. Сол үйде ішімдік ішкені анықталды. Полиция қызметкерлері құқық бұзушыларды ұстады", — деп мәлімдеді полиция.

Кәмелет жасына толмай, тоя ішімдік ішкен оқушының ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 2 бөлімі (алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орында мас күйінде болу) бойынша хаттама толтырылған. Оған қоса, 5 АЕК көлемінде (13 255 теңге) әкімшілік айыппұл салынды.

Жақындарының қарауынсыз түнде көшеде жүрген. Бұл әрекеттерінің барлығына ескерту жасалды.

Ішімдік ішкенімен қоймай, мектеп ауласында шемішке шаққаны үшін ҚР ӘҚБтК 434-бабына сәйкес 5 АЕК көлемінде (13 255 теңге) айыппұл салынады.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар