Қазақстандық ауыр атлет өмірден озды

4218

Қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер 25 жасында өмірден озды. Қаралы хабарды Ауыр атлетика федерациясының ұжымы жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, Азия чемпионы, Универсиаданың жеңімпазы және рекордсмені, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Альберт қайсарлықтың, тәртіптің және өз ісіне деген сүйіспеншіліктің арқасында нәтижеге қол жеткізуге болатынын дәлелдеген еді. Спортшының жақындары мен туыстарына көңіл айтамыз»,–делінген хабарламада.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы