Қырғызстанның экс-премьер-министрі тұтқындалды

2491
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Джоомарт Оторбаев қамауға алынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол "Құмтөр" кенішіне экологиялық сараптама жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік агенттігінің комиссиясына қысым көрсетіп, сыбайлас жемқорлықпен айналысқан.

Оторбаев ҰҚКҰ тергеу изоляторының УҰИ-на қамалды.

Жақын арада Бішкектің Первомай аудандық соты бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселені қарастыратын болады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер