TikTok факультеті ашылды

575

Киевтің Мәдениет және өнер университетінде TikTok факультеті ашылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жаңа факультеттің ашылу салтанатында украиналық тиктокер Михаил Поплавский сөз сөйлеп, оқытуды нөлден бастайтынын атап өтті.

«Менің міндетім – желіні «украиналандыру» және Отанымыздың жаңа тарихын жасайтын жас, креативті жастарды дайындау. Мен бүкіл әлемге украиналық Tiktok-ты танымал еткендеріңізді қалаймын! Оқытуды нөлден бастаймыз, бітірген соң қолыңызға диплом табысталады»,– деді ол.

Жетекші болып мәдени-шығармашылық бөлімінің түлегі Лилия Можаева тағайындалды. Университеттің барлық студенті жаңа факультетте тегін оқи алады.

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы