Жансель Дениз халықаралық турнирде топ жарды

938

Қазақстандық таеквондошы Жансель Дениз Түркияда халықаралық турнирде топ жарды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Түркияның Стамбул қаласында таеквондодан рейтингтік "WT President's Cup Europe" жарысы өтті. Аталған бәсекеде Қазақстан құрамасының қоржыны қос жүлдемен толықты.

Әйелдер арасында 73 келіде сынға түскен Жансель Дениз өз салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. Ал ерлер арасында бақ сынаған Самирхан Әубакіров 54 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені қоржынға салды.

Айта кетерлігі, аталған турнир Жансель Дениздің Токио Олимпиадасынан кейінгі алғашқы додасы.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы