ӘБУБӘКІР СМАЙЫЛОВ: АЭС-ті келіп салғаны – басыңа "бомба" жарғаны

2598
Adyrna.kz Telegram

eGov-ты келіп алғаны,
Етекке қолды салғаны.
Бір күні сыртқа шығады,
Бүгілген ішке бармағы.

АЭС-ті келіп салғаны,
Балқашқа таяу барғаны-
Күндердің күні болғанда,
Басыңа «бомба» жарғаны!

Жан-жағыңа жалтақтап,
Тіліңнің бағы жанбады.
Сайраған ана тілінде,
Адамның бар ма арманы?!

Сөзі де мірдің оғындай,
Өзі де жаудан қорынбай,
Қол бастаған мықты екен
Баяғының шалдары!
Қазіргінің көзінде от
Болмағасын сөзім жоқ...

Пікірлер