Қытай ғалымдары 5 минутта коронавирустың бар-жоғын анықтайтын құрылғы ойлап тапты

890

Қытай ғалымдары бес минут ішінде коронавирусқа қарсы антиденелерді анықтай алатын жаңа диагностикалық жүйені ойлап тапты. Ол икемді органикалық транзисторларға негізделген және алынған қан немесе сілекей үлгісі негізінде нәтиже береді. Бұл туралы Science Advances ғылыми журналындағы мақалада айтылған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Диагностикалық жүйенің өзі құрылымы коронавирустың s ақуызына ұқсас молекулалармен қапталған икемді алтын электродтар мен органикалық электрохимиялық транзисторлардың жиынтығы екендігі атап өтілді. Оларға антиденелер бекітілген кезде транзистордың жұмысы өзгереді, яғни ол токты басқаша өткізе бастайды екен.

Ғалымдар тестке сілекей немесе қан үлгілері арқылы жоғары жиілікті электр импульстарын өткізетін қосымша электродтар жиынтығын енгізді. Осының арқасында антиденелер мен коронавирустың S ақуызы арасындағы реакция жылдамдығы артты, бұл биоматериалда салмағы 0,15 нанограммнан аз SARS-CoV-2-ге антиденелердің көрінбейтін іздерін анықтауға мүмкіндік берді.

Айта кету керек, бұл тесттің көмегімен кез-келген басқа аурулардың қоздырғыштарына антиденелерді де анықтауға болатындығы атап өтілді. Ол үшін электродқа антиденелер қосылатын басқа ақуыздар жиынтығын қолдану жеткілікті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар