Бір айдан кейін Иран қуатты ядролық қаруларды эксплуатацияға шығарып, сынақтан өткізгелі жатыр. Бұл жайында The New York Times газеті МАГАТЭ-нің саяси эксперттеріне сілтеме бере отырып, хабарлама жасады.
The New York Times-тің хабарландыруынан кейін АҚШ пен оның одақтастары көп күтпей Иранмен бір келісімге келуді жөн көрді. 2018 жылы АҚШ Иранмен арадағы ядролық қару бойынша жасалған келісім шартты бұзған еді. Енді Иран тарапы қуатты ядролық қаруды МАГАТЭ-нің тыйымынсыз-ақ емін-еркін шығара бастады.
МАГАТЭ-нің эксперттері қазіргі уақытта Иранның уранмен жоғары қанықтырылған ядролық головкаларды жасап жатқанына алаңдап, халықаралық қауымдастыққа ақпараттар таратып, мәліметтер беріп әлекке түсуде.
Сонымен қатар, МАГАТЭ-нің эксперттері алдағы уақытта Иранның жасырып отырған бірнеше ядролық базалары жайында мәліметтер береміз деп отыр.
Келесі айда Иран уранмен жоғары қанықтырылған головкаларды эксплуатацияға шығарамыз дегенін де МАГАТЭ-нің эксперттері The New York Times газетіне берген сұхбатында айтты.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы