Жапон сарапшысы: Ауғанстанды азамат соғысы күтіп тұр

1041

Жапонияның Орталық Азиядағы жетекші мамандарының бірі, Токио шет тілдері университетінің ғылыми орталығының ғылыми қызметкері Масато Ториа Ауғанстандағы жағдайдың тұрақтануына күмәнмен қарайды. Ауғанстан мен Пәкістанға қатысты көптеген еңбектердің авторы талибтердің басқару тәжірибесі мен лайықты кадрлары жоқ екенін атап өтті.

"Талибан" ондаған жылдар бойы соғысқа қатысты, олардың басқару тәжірибесі жоқ. Іс жүзінде ағымдағы істермен айналысуға қабілетті адам ресурстары жоқ",- деп түсіндірді Ториа. Жапон сарапшысы Ауғанстанның көршілес елдердің көмегімен экономиканы тұрақтандыра алатынын, бірақ елдің 40 жылдық соғыстан шаршағандықтан бұл мәселелерді толық шешу мүмкін еместігін де атап өткен.

Саясаттанушы Ауғанстан азаматтарының өмір сүру жағдайының тез нашарлауын тоқтату әрекеттері нәтиже бермей, наразылықтың күшеюіне әкелетінін, бұл ұзақ мерзімді перспективада "Талибан" қозғалысының ішкі бөлінуіне себепкер болып, азамат соғысы болатынын болжады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы