Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-2.1б» зымыран тасығышы ұшырылды

3987
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/09/xefe078db-0786-44a5-932c-a0139cdbb084-pd1p80pd0pbepd1p81pd0pbapd0pb0.jpg.1024x0_q85.jpg.pagespeed.ic_.swndfse7qs.jpg
Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан «Фрегат» үдемелі блогы бар «Союз-2.1б» зымыран тасығышы ұшырылды. Бұл туралы Роскосмос мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 12-ден өте ғарыш аппараты зымыраннан сәтті ажырады. Ракета орбитаға 34 британдық «Уанвеб» байланыс спутнигін алып шығады. Айта кетейік, бұл биыл ғарышқа жол тартқан 15-ші ресейлік зымыран. Бұған дейін «Союз-2 1б» 22 тамызда көкке самғады.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии