"Әкім кет": Халық көшені жапты, Меркіде не болып жатыр?

3420

Жамбыл облысы Меркі ауылында әкімдіктің жұмысына наразы адамдар жолды жауып, наразылық акциясына шықты.  Әлеуметтік желіде халықтың жолды жауып тастаған бейнежазбалары тарауда. Олар жаяу жүргіншілер өткелінде қол ұстасып тұрғанын байқауға болады.

Жергілікті тұрғын Ахат Асилбайұлы Orda.kz сайтына базардың орталықта орналасқанын және соғын байланысты көлік кептелісі жиі болатынын айтқан.

"Базар біздің көптен бергі проблемамыз. Оны басқа жерге алмастыру үшін инвсеторлар қажет, ал олар бізде жоқ. Артқы жағынан кіреберіс жасай отырып, оны ауылдың орталығында қалдыру жақсы болар еді, өйткені орталық көше бар, халықтың көпшілігі сонда тұрады. Жақсы асфальт жолды да жасап қойды. Мен, әрине, ереуілді (наразылықты) бұл мәселені шешудің қате жолы деп санаймын", - дейді Асылбайұлы.

Әкімдік өкілдері оқиғаға қатысты әлі түсінік берген жоқ.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы