Цой: Қазақстанда халықтың 71,5%-ы вакцинацияланды

3122
Adyrna.kz Telegram

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында COVID-19 ауруы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы мәселе қаралды. Қазақстанда коронавирус инфекциясымен күресу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Министрдің айтуынша, әлемде COVID-19-бен ауру және өлім-жітім бойынша жағдай тұрақсыз.

Жалпы әлемде КВИ-мен ауырудың 224 млн-нан астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 300 мыңнан астам жағдай тіркелген. 4,6 млн астам адам қайтыс болды. ДДҰ Еуропалық аймағының деректері бойынша соңғы екі аптада 54 елден 26 елде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады.

- Соңғы 7 күнде аурудың ең көп өсуі Венгрияда байқалды, онда бір апта ішінде ауыру 100%-дан астам өсті, Украинада, Польша мен Молдовада 60%-дан 80%-ға дейін, Австрияда, Германияда және Беларусьте 30%-дан 50%-ға дейін, Черногорияда, Арменияда және Израильде 8%-дан 20%-ға дейін», — деді А. Цой. Оның айтуынша, ауырудың өсуі Испанияда 60%-ға, Францияда 40%-ға, Грузияда 39%-ға, Әзербайжанда 16%-ға, Италияда 13%-ға, Швейцарияда 12%-ға және Ресейде 9%-ға төмендеді, делінген primeminister.kz сайтында.

Қазақстанда соңғы екі аптада аурушаңдықтың өсуі 35%-ға төмендеді. Соңғы аптада республика бойынша сырқаттанушылық деңгейі аптасына 31 мыңнан 25 мыңға дейін 14%-ға төмендеді.

- ДДСҰ бағалауы бойынша, Қазақстанда репродуктивті сан соңғы төрт апта ішінде бір саннан төмен, бұл пандемия бақылауда екенін және сырқаттанушылықтың тұрақты төмендегенін көрсетеді, — деп атап өтті Цой.

Бүгінгі таңда, министрдің айтуынша, бірінші компонентпен 7,1 млн астам адам егілді, екпе алуға жататын халықты қамту 71,5% құрады, екінші компонентті 5,9 млн астам адам алды, екпе алуға жататын халықтың шамамен 60%-ы қамтылды. Өңірлер вакцинамен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген. Вакциналарды жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

Сөз соңында: "Вакциналау әлі күнге дейін коронавирус инфекциясының алдын-алудың жалғыз нақты шарасы болып қалып отыр. Сондықтан әрбір қазақстандықты вакцина алуға және елімізде ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға өз үлесін қосуға шақырамын!" — деп мәлімдеді Цой.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер