Тәжікстан АҚШ-қа наразылық нотасын жіберді

529

Америка Құрама Штаттарының Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джон Марк Поммершейм Тәжікстан Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Оған наразылық нотасы табысталды. 

"АҚШ елшісіне Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байден мырзаның Пенсильваниядағы өрт сөндіру пунктіне барған кездегі мәлімдемелеріне байланысты наразылық нотасы табыс етілді", - делінген СІМ хабарламасында.

Бұған дейін Ақ үй басшысы Ауғанстаннан кету үшін Кабул әуежайында АҚШ әскери ұшақтарына жабысып, кейін үлкен биіктіктен құлаған адамдардың жағдайы Тәжікстанда қайталануы мүмкін екенін айтқан болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер
Редакция таңдауы