Жамбыл облысында заңсыз жолмен алтын қазғандар ұсталды

999

Жамбыл облысында заңсыз алтын қазғандар ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Олардың бұл іске тыңғылықты дайындалғаны соншалық, 9 адамнан құралған қылмыстық топ тау ішінен шахта қазып, заманауи құрал-жабдықтарды пайдаланған.

- Тінту кезінде алтын кенді өңдейтін 2 құрал, құмды тазартуға арналған 2 аппарат, сондай-ақ 10 тонна көлемінде кен табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды,- деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі Құндыз Бөгенбаева.

Күдіктілер Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылынан 20 шақырым жерде орналасқан «Қаракөз» жер учаскесінде алтын қазған. Олар кен қазуға арналған арнайы құрылғыларды пайдаланған. Қылмыстық топ өндірілген кенді Шу өзені аумағындағы цехқа тасымалдағаны анықталды. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдіктілердің кінәсі толық дәлелденсе, 3 жылдан 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар