Ресейлік сенатор: Қазақстанда ұлтараздық жанжал тудыруды ойлайтын ұйымдар бар

2709
Adyrna.kz Telegram

"Үшінші елден келген адамдар Қазақстандағы тілдік оқиғаларға қызығушылық танытады" деді сенатор, Ресей Федерация Кеңесінің халықаралық істер жөніндегі комитетінің мүшесі Андрей Климов.

"Мен Ресеймен қатынасты ушықтыруға бағытталған американдық бағдарламаның барын білемін. Ол тура солай аталады. Және сол бағдарламада біз талқылап отырған мәселеге қатысты да шаралар бар. Мен Қазақстанда мұхиттың арғы жағынан қаржы алып отырған үкіметтік емес ұйымдардың барын нақты білемін. Олардың бірқатары ұлтараздық жанжал туғызуды ойлайды",  - деді Климов.

Ол Қазақстан мен Ресейдің арасына от салуды армандайтындар барын да айтты. Сонымен қатар Климовтың ойынша ТМД елдерінде орыс тіліне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол Қуат Ахметовты Ресейге кіргізуге тыйым салуды дұрыс деп атады.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер