Тоқаев Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқандарды марапаттады

3304
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы әскери қоймада жарылыс кезінде қаза тапқан құтқарушылар мен әскери қызметшілерді марапаттады, - деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

І дәрежелі "Айбын" орденімен:

  • Әлімбеков Саят Жанатұлы (марқұм) - Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі командирінің орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша) – материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы;
  • Заикин Сергей Владимирович (марқұм) - Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы;
  • Қырғызәлиев Ерлан Рысқұлбекұлы (марқұм) - Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі сақтау (инженерлік-оқ дәрілерді) бөлімшесінің бастығы – аға офицері.

 ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен:

  • Әділбек Әділет Қанатбекұлы (марқұм) - Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы;
  • Кеңес Әліби Бексұлтанұлы (марқұм) - Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы;
  • Қуатбек Ғафан Жомартұлы (марқұм) - Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автомобиль жүргізуші-қызметкері;
  • Тұрманов Жәнібек Жасұзақұлы (марқұм) - Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің  өрт сөндірушісі-құтқарушысы.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Пікірлер