Адамзат баласын аман алып қалған тұлға

3164
Adyrna.kz Telegram
АДАМЗАТҚА АРАША ТҮСКЕНДЕР!
Мына фотодағы неміс азаматын танисыздар ма десем, "әй, көп немістің бірі де" деп көңіл аудармассыздар. Хирург десем, "ә,сансыз дәрігерлердің бірі ме" дерсіздер. Ал оның Нобель сыйлығының лауреаты, Неміс, Швеция Ұлттық Академияларының алтын белгілерінің иегері екенін айтсам "о, онда тегін дәрігер болмады" деп қызығушылық танытатындарыңыз хақ.
Иә, бұл XX ғ.басында өз басын қатерге тігіп, қазіргі кезде миллиондаған адамның өмірін сақтап қалып жүрген ,,жүректі катеризациялау" методикасын енгізген Гутенберг университетінің профессоры, хирург-уролог Вернер Форсман. Ол дүние жүзі кардиологтары жүрекке өзге зат енсе ол соғуын тоқтатады, яғни адам өледі деген сенімде жүрген кезде, экспериментті өзіне жасауға шешім қабылдайды. Бірақ, бұл тек өлімге әкеліп соқтырады деген коллегалары қорқып, ешқайсысы келіспей, өзіне өзі жасауға тура келеді. Тіптен операция басталғаннан кейін ассисенті де шыдамай, кетіп қалып, жалғыз медбикемен аяқтауға мәжбүр болады. Ол бір білегіндегі венасын кесіп, тамырына түтікше орнатады да, сол арқылы жүрегінің оң жақ бөлігіне зонд жібереді. Ренгтген арқылы оның жүрекке жеткенін көріп, катеризациялаудың мүмкін екендігін дәлелдейді.
Өзге адамдарды ажалдан арашалаудың жолын табу үшін өз бастарын бәйгеге тіккен бұндай тұлғаларға қалайша бас имессің!
Рамазан АЖНИЯЗОВТЫҢ
фейсбук парақшасынан
Пікірлер