Алматы облысында жаппай төбелес видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды "Адырна".
Видео Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Үндістанда әр жекпе -жек билеумен аяқталады, ал бізде әр би жекпе -жекпен аяқталады. Іле ауданы, - дейді бейнероликке сипаттама
Алматы облысы Полиция департаментінде хабарланғандай, қазіргі уақытта Іле аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Ауылдағы жаппай төбелестің барлық егжей-тегжейі мен мән -жайы анықталуда. Полицияға бұл факт бойынша ешкім жүгінген жоқ, дене жарақатымен ауруханаға жатқызылған ешкім жоқ. Тексеру нәтижелері қосымша хабарланады, делінді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
"Адырна" ұлттық порталы