Ноғай батыры Владимир Путинді рингке шақырды

618

Кремльде 2020 жылғы Токио Олимпиадасында үздік шыққан ресейлік спортшыларды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды"Адырна" ұлттық порталы.

Бокстан Олимпиада чемпионы Альберт Батырғазиев марапаттау кезінде Ресей президентін бокс залында бірлескен жаттығуға шақырды.

"Мен сіздің спортпен айналысатыныңызды білемін. Мен сізді олимпиадалық базаларымыздың бірінде бізбен бірге жаттығуға шақырғым келеді. Біз үшін бұл жаңа жеңістерге ынталандыру әрі мотивация болады",-деді Батырғазиев Путинге.

Боксшы, Токиодан келген соң, өзінің туған жерінде Батыр деп атала бастады (Альберт ұлты бойынша ногай).

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар