Қазақстандық спортшы, «Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров Францияның Ницца қаласында өткен Ironman 70.3 веложарысында чемпион атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Отандасымыз жеңісін Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнады.
« 30 жыл ішінде Қазақстан мен біздің халық үлкен қиындықтарды бастан кешіріп, зор күш-жігердің арқасында керемет нәтижелерге қол жеткізді. Бұл жарыста топ жару қиын болды, зор күш-жігерді талап етті. Жеңісімді еліме арнаймын»,– деді ол.
Айта кетейік, спортшы қашықтықты 4 сағат 55 минут және 22 секундта өтті.
«Адырна» ұлттық порталы