Жолаушылар ұшағы құлап, 4 адам қаза тапты

803

Ресейдің Иркутск облысында «Аэросервис»авиакомпаниясының «L410» жолаушылар ұшағы құлап, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Апат Казачинское ауылының маңында болған. Зардап шеккендердің сегізі ауруханаларға жеткізілді.

Төтенше жағдай орнында 50 құтқарушы жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, қазіргі таңда оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы