"Balenciaga" жаңа дизайндағы сөмкесін сатылымға шығарды

2710
Adyrna.kz Telegram

"Balenciaga" француз сән үйі тұрмыстық сөмкелерге ұқсайтын жалпақ көлемдегі қол сөмкелерін сата бастады деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сатып алушылар жаңа "Balenciaga" аксессуарының дизайнын бағаламады. Сауда желісі қол сөмкенің құнын шамамен 1 миллион теңгеге сатып жатыр. Көпшілік сөмкені "әжелер азық-түлікке барғанда базарға осындай сөмкелер ұстаған" деп пікір білдірді.

"Мен әжеме 30 жыл бойы сәнқой болғанын айтуым керек", "Бұл әжемнің базарға немесе жағажайға апаратын сөмкесі", "Африкада осындай сөмкемен азық-түлік сатып алуға барады", - деп жазды оқырмандар әлеуметтік желіде.

Айта кету керек, француздер ойлап тапқан жаңа дизайнға ұқсас сөмкелермен он шақты жыл бұрын біздің елімізде саудагерлер пойыз арқылы жүк тасыған болатын. Қазір де саудада мұндай сөмкелер тұрмыстық мақсатта пайдаланылады. 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер