Ғалымдар қандай кітап адам өмірін өзгерте алатынын айтты

3647
Adyrna.kz Telegram

Ливерпулдегі университет ғалымдары кітап адам өмірін өзгерте алады деген тұжырым жасады деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "The Daily Mail" сайтына сілтеме жасап.

Ағылшын ғалымдарының пайымдауынша, бүгінде трендке айналған, адамның өмірге құштарлығын арттыруға арналған мотивациялық немесе байлаққа қол жеткізуге ынталандыратын «тренингтік» кітаптар емес, көркем туынды адамға пайдалы екен.

Филипп Дэвис есімді профессордың айтуынша, классикалық көркем шығармалар өзге кітаптарға, тіпті, ғылыми тақырыпта жазылған кітаптарға да қарағанда адам миында күрделі процесс тудырып, адамның дүниетанымын кеңейтіп қоймай, сонымен қатар, ізгі қасиеттерге баулиды.

Әлбетте, мотивациялық кітаптар да адамның өмірін өзгерте алады, алайда, дәл көркем шығармадағыдай эффект бере алмайды. Бұған қоса, көркем туындылар ауру симптомдарын баса алады, бұл өз кезегінде саз терапиясына ұқсайды.

Сондықтан мамандар адамдарға көркем әдебиетті көбірек оқуға кеңес береді.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер