Павлодарлық отбасы шипажайда белгісіз паразит жұқтырған

2161
Adyrna.kz Telegram

Павлодарлық отбасы Ақтаудағы шипажайлардың біріне барып демалып, белгісіз паразит жұқтырған. Тері астындағы жәндіктерден екі ай бойы зардап шеккен отбасының облыста бүгінге дейін қаралмаған дәрігерлері қалмапты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "31 арнаға" сілтеме жасап.

Анна Пахомова мен оның 13 жасар қызы түнде ұйқыдан айырылған. Мұның қандай паразит екені анықталмай жатыр. Тіпті Ұлттық сараптама орталығының ең мықты деген мамандарының өзі белгісіз жәндіктің не екенін біле алмай отыр екен.

Ең қорқыныштысы, суға түскен уақытта әлгі жәндіктердің іздері көрінеді екен. Тіпті, қанатты жәндіктердің тері сыртына шыққан кезі де болған. Анна Пахомованың сөзінше, денелерінен шығатын жәндіктің не екендігі белгісіз.

"Ғаламтордан қарағанымызда бүргеге ұқсас жәндік екендігін анықтадық. Бірақ бұл нақты сол ма, сол емес пе беймәлім", - дейді ол.

Дәрігерлердің айтуынша, павлодарлық отбасы ауруханада бір апта жатқан. Жүргізілген ем-шаралардың арқасында денедегі жәндіктер жойылғанымен, орындары әлі де бар.

"Ұлттық сараптама орталығына диагнозы жіберілді. Қорытынды диагноз паразиттің түрі анықталмаған. Қазіргі нақты жағдайда науқастар үйіне шығарылды. Жағдайлары қанағаттанарлық. Шағымдары жоқ, дене температуралары қалыпты", - дейді Павлодар облыстық инфекциялық ауруханасының дәрігері Гүлфайруз Нұрсейіт.

Айта кету керек, мүгедек балаларды күтіп отырған бірнеше отбасы Ақтауға шипажайға барған. Паразиттер сол жақта жұққан. Үйге оралған соң жалғызбасты ана өз денесінде де жәндіктерді көрген. Ол қызымен бірге күніне бірнеше рет ыстық душ қабылдап, паразитке қарсы ондаған ем шара жасауға мәжбүр болыпты. 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер