Қыс келе жатыр: Жылыту маусымына дайынбыз ба?

2411
Adyrna.kz Telegram

Қыс келді дегенше, елге әлек келді де. Жылыту маусымына дайындық есігімізді күз қаққаннан басталады. Жыл сайын қайталанатын осы бір процесс барысында жасалып жатқан жұмыстар мен жіберілетін қателіктер де аз емес. Жалғыз Алматы облысының өзінде жылыту маусымын ойдағыдай атқару үшін 13.7 млрд теңге қарастырылды деп хабарлайды Egemen.kz. Оның ішінде 3.3 млрд теңге жылыту нысандарын жөндеуге, 10.4 млрд теңге қажетті отын сатып алуға бөлінген. Одан бөлек көмір тұтынатын тұрғындарға 202.5 тонна көмір сатылса, 94.1 тонна көмір қоймаларда сақтаулы тұрған көрінеді.

Ал министрліктің айтуынша алдыңғы жылғы жылыту маусымы тұрақты режимде өткен көрінеді. Алайда табиғи құбылыстар салдарынан электр беру желілері сыр бере бастаған. Жылыту маусымында жылумен жабдықтау кәсіпорындарының жергілікті әкімдік бекіткен температуралық кестені сақтамауына қатысты 44 жағдай тіркелген екен. Министрліктің айтуынша жылыту маусымын өткізу кезіндегі ең басты мәселе отын үшін елеулі мөлшердегі кредиторлық берешек екен. Министрліктің айтуынша жылыту маусымын өткізу кезіндегі ең басты мәселе отын үшін елеулі мөлшердегі кредиторлық берешек екен. 2020 жылғы деректерге сәйкес энергия өндіруші ұйымдардың «ҚазТрансАймақ» АҚ алдындағы қарызы 667 млн теңгені құрайды. 2019 жылы 7 млрд 481 млн-ды құраған көрінеді. Ал «Богатырь-Көмір» ЖШС алдындағы 2020 жылғы берешегі 1 млрд теңгеге жуық.

Осы 2020 жылғы жылыту маусымына жүргізілген мониторинг барысында кей өңірлерде назар аударуға тұрарлық мәселенің бар екенін көрдік.

Батыс Қазақстан облысында нарық субъектілері арасында берешекті төлемеу және жинақтау бойынша проблемалар бар.

Ал Қарағанды облысында болса, «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамның екінші жылу электр орталығы қазандықтарының жиі істен шығуы салдарынан Теміртау қаласы тұрғындарында жылу энергиясының тапшылығы орын алды. Ал жөндеуге бөлінген қаражат қазандықтың аппатық жағдайын төмендете алмады. Екінші жылу электр орталығының негізгі жабдығының орташа тозу көрсеткіші 77%. Жылыту маусымында бес қазан жұмыс істеп, бір қазан резервте болуы тиіс. Жылу қуатының төмендеуі салдарынан Теміртау қаласының тұрғындарында Жылыту маусымында бес қазан жұмыс істеп, бір қазан резервте болуы тиіс. Жылу қуатының төмендеуі салдарынан Теміртау қаласының тұрғындарын 2 тәулік бойы жылусыз отырған. Осы фактілер негізінде Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің жергілікті депортаменті 2020 жылдың 10 наурыз бен 25 наурыз аралығында аталған кәсіпорында тексеру жұмыстарын жүргізген болатын. Нәтижесінде бірнеше талаптардың бұзылғаны анықталды.

Ал Петропавлда маусым басталар алдын жылу беру кезінде біршама қиындықтар туындағын. Жылу беру 15 қыркүйекте басталғанымен 40-қа жуық мекемелерге айға жуық уақыт жылу берілмеген. Олардың қатарында тұрғын үйлер де болған екен.

Түркістан облысындағы «Кентаусервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынында жөндеу жұмыстарын қаржыландыру және отын сатып алуға байланысты проблемалар бар. Жөндеу жұмыстарына бөлінуі тиіс жалпы сомма 1 млрд 980 млн теңге, ал биылғы жылғы жылыту маусымын ойдағыдай атқару үшін 1 млрд 273 млн теңге керек.

Негізгі жөндеу кестесіне сәйкес 2021 жылы 8 энергоблокты, 48 қазанды, 49 трубинаны жөндеу жоспарланған. Әртүрлі кезеңдерде 4 энергоблокта, 13 трубинада, 15 қазанда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары 4 қазанда аяқталады деп жоспарланған.

2020-2021 жылғы жылыту маусымын өткізу қортындысы бойынша атқарылуы тиіс жұмыстар:
1. Электр станцияларында, электр желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу;
2. Отын жеткізушілер алдындағы берешекті азайту;
3. Тұтынушылардың коммуналдық қызметтерді жеткізушілер алдындағы дебиторлық берешегін азайту;
4. Әлеуметтік мекемелер мен нысандарды дайындау;
5. Жылыту маусымында анықталған кемшіліктерді жою үшін қосымша жұмыстар қарастыру.

Қазірдің өзінде Алматы облысы мен Семей секілді қалалар жылыту маусымына дайындықты бастап кеткен көрінеді. Жергілікті әкімдіктер жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сақадай сай отқандарын жеткізді.

Ал көмір жетіспеушілігі соңғы жылдары жиі орын алып жүр. Біреулер көмір таситын вагон жоқ деп ақталса, бірі ауа райына жауып бағаны шарықтатып жатады. Қазір Қарағандыда көмір тоннасы шамамен 7000-8000 тг, ал Оңтүстік өңірлерде 13-14000 тг-ден. Қыс түскенде бұл баға 18-20000 тг-ге дейін жетеді.

Жыл сайын осы жылыту маусымы кезінде қайғылы оқиғалар жиілеп кетеді. 2020 жылы жылыту маусымы басталғаннан желтоқсан айына дейінгі аз ғана аралықта тек Елордамыздың өзінде 570 өрт оқиғасы тіркеліп, 18 адам өрттен қаза тапқан екен. Тілсіз жаудың өршуі әсіресе қарапайым пештерді қолданатын жер үйлерде көп кездеседі. Тұрғындар қарапайым қауіпсіздік ережелерінен хабарсыз, пештер талаптарға сай салынбай жатады. Ал Шымкент қаласында болса, аталған жылы 10 адам иістен уланып көз жұмған көрінеді. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында қаза болған бес баланың қазасы әлі күнге есімізден кете қойған жоқ. Мұндай қайғылы оқиғалардың қайта орын алмауы үшін қауіпсіздік ережелерін орындау маңызды. Сақтықта қорлық жоқ!

Әбләзімова Маржан

Пікірлер