"Кеше Ержан Тұрғынбаев, бүгін “Ел тірегі”, ертең кім аяқтан шалар екен?" (видео)

4329
Adyrna.kz Telegram
Белгілі заңгер, қорғаушы Абзал Құспан  өзінің фейсбук желісінде осылай деді. Қорғаушының пікірін еш өзгеріссіз беріп отырмыз:
"Осыдан үш апта алды Қуат Ахметовке қарсы Ресей Федерациясының мемлекеттік Думасы 50 жылға дейін РФ-ға кіруге тиым салып, оны Путин өз Жарлығымен бекітіп, Абаев “үңгір ұлтшылдары” - деп шала бүлініп жатқан кезде, Қуат екеуіміз мәлімдеме жасағанымыз естеріңізде шығар?
Сол кезде айтқантұғым, Қуатқа қарсы, маған қарсы, Тілмайданға байланысты неше түрлі жала мен өсек өрттей қаулайтын болады деп. Міне мынау соның анық айғағы! Осы кезге дейін шәй деспеген жігіттердің сын сағатта маскасы сыпырылып жатыр. Күте тұрайық, әлі талайының Ақорда не тікелей РФ-дан алған тапсырмаларды қалай орындағанының куәсі болатын боламыз".
"Адырна" ұлттық порталы.
Пікірлер